Астанада «Алтын жебе» халықаралық турнирі өтіп жатыр
Астанадағы «Қазанат» атшабарында Жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирінің екінші күнінің сайыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды ұйымдастырушылар. <br /><br />Жарысқа 10 елден келген 20-ға жуық сұрмергендер қатысуда. Қазақстаннан ел намысын «Алтын жебеде» бес спортшы қорғайды. Олар; Жамбы атудан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, 2016 жылғы «Ұлы дала ойындары» фестивалінің жеңімпазы атанған Елдос Бадашев және елішілік чемпионатта топ жарып жүрген саңлақтарымыз Сарыбай Айтбек, Айкөз Ералхан, Тулыбаев Абзал, Үзденбаев Бекқали.
Қазақ елінде тұңғыш ұйымдастырылған «Алтын жебе» турнирі үш кезеңнен: шапшаң ату, қалқан ату және жамбы атудан тұрады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или