Стойчо Младенов: Марсельдің ойынын қашан сағынамын, сол кезде алаңға шығарамын

Стойчо Младенов: Марсельдің ойынын қашан сағынамын, сол кезде алаңға шығарамын

«Қайсар» клубының бас бапкері Стойчо Младенов ел біріншілігі аясында «Тобылға» қарсы (1:0) өткен кездесу жайлы пікірін білдірді.

- Командамның бүгінгі ойынына ризамын. Қатесіз ойнады.

- Джеджені бұрын оң жақ жартылай қорғаныста ойнаттыңыз. Бүгін ол өзінің үйреншікті шабуылында ойнап гол соқты. Енді келесі ойындарда шабуылшы болып ойнай ма?

- Бізде шабуылшылар жетеді. Олар кез келген жерде ойнай біледі. Еш қиындықсыз орындарын ауыстырып ойнап үйренген. Алдағы уақытта оны жағдайға қарап бағамдап көреміз.

- Сақалбаевтың ойыны жайлы?

- Мен ойыншыға бағаны өзіне айтып қана беремін. Бірақ ол бүгін жақсы өнер көрсетті.

- Қашан Марсельді көреміз? Жанкүйерлер де сағынуда...

- Мен қашан оның ойынын сағынамын, сол кезде алаңға шығарамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или