Футбол

«Қайсар» өз алаңында «Тобылдан» басым түсті

«Қайсар» өз алаңында «Тобылдан» басым түсті
news-banner7
mobile-news-top

Ел біріншілігінің 23-ші туры аясында Қызылорда қаласында жергілікті «Қайсар» қостанайлық «Тобылды» қабылдады.

Матч тағдырын шешкен жалғыз гол екінші таймда соғылды. Ойынның 55-ші минутында «Қайсардың» шабуылшысы Джа Джедже қақпа маңындағы қарбалас сәтте баспен соққы жасап, есепті ашты. Бұдан кейін қос команда да бір-бірінің қақпасын дәл көздей алған жоқ.

Осылайша, Стойчо Младеновтың командасының жалпы турнирлік кестеде «Таразды» қуып жетіп, «Тобылдан» кейінгі алтыншы орынға тұрақтады.

Қазақстан Премьер-Лигасы. 23-ші тур

«Қайсар» - «Тобыл» 1:0 (0:0)

Гол: 55' Джа Джедже

«Қайсар»: Григоренко (Қ), Әмірсейітов, Евстигнеев, Граф, Камара, Курьор, Коробкин, Сахалбаев, Аржанов, Джа-Джедже, Ламанже.

«Тобыл»: Непогодов (Қ), Кассаи, Лулаку, Молдакараев, Мухутдинов, Сартаков, Жалмұқан, Зулпа, Мирошниченко, Шиков, Щеткин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер