Димитров «Лудогорецте» «Ертістен» аз жалақы алады

Димитров «Лудогорецте» «Ертістен» аз жалақы алады

Болгариялық «Труд» басылымы «Ертістің» бұрынғы бас бапкері Димитар Димитровтың «Лудогорецпен» келісім-шартындағы қаржылық тұстарын жазды.

Сайттың ақпаратына сүйенсек, Димитров жаңа клубында Қазақстандағы жалақысынан 20% аз алады екен.  Бірақ «Лудогорец» Болгария чемпионаты мен Кубогында жетістікке жетіп, Чемпиондар лигасы немесе Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтсе, жалақысы бірнеше есеге жақсарады.

Айта кетейік, Димитров «Лудогорецтің» бас бапкері ретінде алғашқы матчын Еуропа лигасы плэй-офф кезеңінде литвалық «Судуваға» қарсы өткізеді. Литвалық ұжымды қазақстандық Владимир Чебурин жаттықтырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или