Ел не демейді ...
Күрес

Кім кінәлі?

Кім кінәлі?
news-banner7
mobile-news-top

Жақында Тампере (Финляндия) төрінде күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Өкінішке қарай, еркін, грек-рим және әйелдер күресінен ел намысын қорғаған жас балуандарымыз үмітті ақтамады. Жарыстан жерлестеріміз жүлделіз оралды. Айта кетер жайт, көрші қырғыз бауырларымыз осы дүбірлі додада бір күміс, екі қола медаль еншілеп, абыроймен елдеріне оралған болатын.

Балуандарымыздың сәтсіз өнер көрсетуімен қатар құрамада бір келеңсіз жағдайлар көзге түсті. Мәселен, грек-рим күресінен 55 және 60 келіде өнер көрсететін ағайынды Ернар мен Ернұр Фидахметовтардың құрама тізімінде болмауы таң қалдырды. Екеуі де жасөспірімдер арасында Азия чемпионаттарында көзге түскен, құраманың бірінші нөмірлі бпалуандары еді. Соңғы құрлық чемпионатында ел намысын абыроймен қорғаған болатын. Алайда, егіз Ернұр мен Ернар Фидахметовтар әлем чемпионатынан тыс қалды. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, қос спортшының жеке бапкері Қоңыратов Боранбек жоғарғы жақтағы ағамыздың жолын кескен көрінеді. Ал сол беделді ағамыз бапкері үшін қос балуанды тізімнен алдыртып, екінші нөмірлі спортшыларды тізімге қосқан көрінеді. Екі алыптың «айқасы» кінәсі жоқ балуандардың құрамадан шеттетілуіне себепкер болды ма? Әрине, бұл ресми расталған ақпарат емес, тек ел аузында өрбіген өсек.

Ең бастысы еліміздің спорты өркендеп, өсе берсін. Аяқтан шалғыш ағаларымыз бен сайқал сайсат спортымыздан алыс болсын!!!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер