Димитар Димитров: Қазақстан менің екінші Отаныма айналды

Димитар Димитров: Қазақстан менің екінші Отаныма айналды

Керекулік «Ертіс» футбол клубының бас бапкері Димитар Димитров жанкүйерлермен қоштасады.

Болгариялық маман «Ертіс» командасының жанкүйерлерімен кездесіп, қош айтысты. Клуб басшылығы мен футболшылары болгарлық маманға естелік шапанын сыйға тартты.

– Құрметті жанкүйерлер, қымбатты ойыншылар, қадірлі «Ертіс» футбол клубының басшылығы! Эмоцияға толы күйде сөз табудың өзі қиын. Бұл менің өмірімдегі ең қиын шешімдердің бірі. Маған өте ауыр болды. Сеніңіздер, менің қалғым келді, бірақ барлығы тек маған байланысты емес.

Мен өзімді Керекудің бір бөлігімін деп есептеймін. Оған қоса, бұл қаланың Құрметті азаматымын. Қазақстанды екінші Отаным, Керекуді екінші қалам деп есептеймін. Сіздердің маған деген ықыластарыңыз үшін мен сіздерді сүйемін, өмірімнің соңына дейін жақсы көріп өтемін. Мен үшін жақсы адами қасиеттер чемпиондықтан жоғары, ол ешбір титулмен өлшенбейді. Осындай шешімге түсіністікпен қарағаны үшін клуб басшылығына алғысымды білдіремін. Қайталап айтайын, маған өте ауыр, бұл туралы сөз қозғау қиын.  Керекуді сүйіп өтемін және командамызды ешқашан ұмытпаймын, –  деді Димитров қоштасу сөзінде.

Айта кетейік, 58 жастағы болгариялық бапкер енді «Лудогорец» командасының тізгінін ұстайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или