Қазақстан қыздар құрамасы УЕФА Даму Кубогына дайындалып жатыр
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Біздің құрама 15-17 тамыз аралығында Беларусь астанасы Минскіде өтетін УЕФА Даму Кубогына қатысады. Халықаралық турнирде қазақстандық футболшылар Черногория (16 тамыз) және Беларусь (17 тамыз) құрамасымен ойнайды.
Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі төмендегідей:
Қақпашылар: Назым Исмаилова, Аружан Оразбекова;
Қорғаушылар: Александра Бурова, Фаиза Исмаилова, Назерке Шалмұқанбетова, Ақниет Бегдайырова, Алина Берікова, Меруерт Болатбек;
Жартылай қорғаушылар: Сурая Шамсудинова, Әсемгүл Аруова, Анастасия Братченко, Алина Шалмұқанбетова, Аида Артықбай, Ақнұр Құрманғазина, Айя Шолақова, Әсел Көбесова;
Шабуылшылар:  Жансұлу Хәмзе, Лейла Садықова, Эльвира Нарбек, Батия Рейзел Багулли.
Жаттықтырушылар штабы: Орынбасар Дәуренбекова - аға жаттықтырушы, Абдуваит Юлдашев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Рамиль Хамитов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Сәуле Қадырбаева - дәрігер, Анастасия Журавлева - менеджер.