Алматыда гольфтан балалар арасында турнир өтті

Алматыда гольфтан балалар арасында турнир өтті

Бүгін «Нұртау» гольф клубында осы спорт түрінен 5-13 жас аралығындағы балалар арасында турнир өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Жарысқа барлық жеткіншектер қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, арнайы бағдарламамен тегін гольфпен шұғылданатын 80 ұл мен қыз да жарысқа қатысты. Олар 10 жасқа дейін және 10 жастан кейін болып екі топқа бөлініп, жарыс жолына шықты. Балалар үйренген әдістерін іс жүзінде көрсетсе, ал кәсіпқой спортшылар шеберліктерін шыңдады.

«Нұртау» гольф клубының балалар академиясының бапкері Жандос Уақастың айтуынша, жаңа бағдарламамен жаттығатын қатысушылардың деңгейі күн санап өсіп келеді. Сонымен қатар, келесі маусымда күрделі кезеңдерді бағындыратынына сенімді.<br />-Бүгін жарысты жаңа бағдарламаның қатысушылары мен енді ғана гольфпен шұғылдана бастаған спортшылар үш станцияны өтті. Біріншісі, драйвинг рендж, екіншісі қысқа қашықтықта доп соғу - чипы болса, үшіншісі, паты. Осы кезеңдердің нәтижесі бойынша, көп ұпай санын жинаған балалар жүлделі орындарды иеленеді. Олардан кейін тәжірибиелі гольфшылар 9 лунканы өтіп, өзара мықтыны анықтады. Ал соңғы қатысушылар 3 лунканы, яғни 1,5 қашықтықты жүріп өтіп, жарысты қорытындылады. Үздік нәтижелерді көрсеткен жеткіншектер жеңімпаз атанды, - деп бөлісті «Нұртау» гольф клубының балалар академиясының бапкері Жандос Уақас.

Сонымен қатар, білікті бапкер балалар арасында әрдайым үздік бес, он және жиырма балалардың қатарында табылылатын жасөспірімдер барын да атап өтті.

- Менің жасым 13-те. Ауа-райына байланысты маған турнир оңай болмады. Бұл спорт түрінде ең бастысы – шыдамдылық, сондай-ақ, ойын кезінде тек алаң мен доп туралы ойлап, дәл нысанаға соғу керек. Мен гольфпен 7 жасымнан шұғылданамын, бұл менің бесінші маусымым. Осындай жарыстарда бақ сынап, оларды ұту маған өте ұнайды. Жалпы айтқанда, 14 кубогым және бірнеше медальдерім бар, - деп бөлісті жарыс жеңімпазы Диляра Бұламбаева.

Жарыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдермен марапатталды. Олар: 1. Диляра Бұламбаева, 2. Айтуар Рудар, 3. Артем Королев (9 лунка), 1. Мансұр Тұрсынов, 2. Умида Асқарова (3 лунка), 1. Рамазан Тұрсынов, 2. Шакира Агаева, 3. Ильяс Нұгуманов (тест 5-9 жас), 1. Арина Махотина, 2. Андрей Кладов, 3. Сұлтан Жұматаев (тест 10+).

Естерңізге сала кетсек, «Нұртау» гольф-клубының кәсіпқой бапкерлері 6-13 жастар аралығындағы балалар арасында тегін шеберлік сабақтарын күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін өткізеді. Әр жеткіншек өзіне ыңғайлы уақытты таңдап, аптасына екі мәрте гольфпен шұғылдануға мүмкіндіктері бар. Бірінші топтың жаттығулары таңғы 8:45-те басталса, қалған топтар кестеде көрсетілген уақыт бойынша: 10:00, 14:30, 15:45,17:00 өтеді.<br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или