Климов «Ертістің» бас бапкері қызметін атқарады

Климов «Ертістің» бас бапкері қызметін атқарады

Сергей Климов Димитар Димитровтың кетуіне байланысты павлодарлық «Ертіс» футбол клубының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып бекітілді. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

Сергей Климов – алматылық футбол түлегі. Ол «Болат» (Теміртау), «Елімай» («Спартак») (Семей), «Қайрат» (Алматы), «Мелиоратор» (Шымкент), СОПФК «Қайрат» (Алматы), «Миньор» (Перник, Болгария), «Достық» (Алматы), «Пройзен»-07 (Хамельн), ТуС «Целе» (Целе, екеуі де - Германия), «Восток-Алтын» (Өскемен) сапында ойнаған.

«Астана» (Астана), «Іле-Сәулет» (Алматы обл.) және Қазақстан (U-21) жастар құрамасын жаттықтырды. Сонымен қатар «Қайрат» (Алматы) Қазақстан (U-19) жасөспірімдер құрамасында бапкер болды. «Ертістің» бапкерлер штабында 2011 жылдан бері істейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или