ҚКФЛ «Астананың» екі матчын кейінге шегерді

ҚКФЛ «Астананың» екі матчын кейінге шегерді

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Астана» өткізетін екі матчтың уақыттарын өткізді.

Дәлірек айтқанда, Премьер-лиганың 24-турындағы «Астана» - «Оқжетпес» матчы 19 тамыздан 25 қазанға ауыстырылды. Ал 25-турдағы «Шахтер» - «Астана» ойыны жоспарлағандай 27 тамызда емес, 11 қазанда өтеді.

«Оқжетпес» пен «Шахтер» футбол клубтары матчты кейінге шегеруге келісімін берген.

Айта кетейік, «Астана» тамызда УЕФА Чемпиондар лигасы плэй-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или