Плюс бір. Қазақстан ФИФА рейтингісінде жоғарылады
Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингісінде 105-ші орында келеді.
Александр Бородюк командасы шілдедегі рейтингіге қарағанда бір сатыға көтерілді.
Қазақстан құрамасы Мозамбик (104-ші орын) пен Малави (106) командалары арасында орналасқан.
Рейтингінің үздік ондығы:
1. (2) Бразилия – 1604 ұпай
2. (1) Германия – 1549
3. (3) Аргентина – 1399
4. (5) Швейцария – 1329
5. (6) Польша – 1319
6. (4) Португалия – 1267
7. (7) Чили – 1250
8. (8) Колумбия – 1208
9. (10) Бельгия – 1194
10. (9) Франция – 1157
.....
27.(25) Украина - 843
62. (62) Ресей – 590
64.(65) Өзбекстан - 579
71.(71) Беларусь - 503
72.(73) Армения - 480
79.(80) Әзірбайжан - 427
105.(106) Қазақстан -308
112.(112) Грузия - 290
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчын 1 қыркүйекте Астанада өткізеді. Қазақстандықтар Черногория құрамасын қабылдайды. Бүгінде Бородюк шәкірттері 2 ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында тұр.