Нурмагомедов Фергюсонға: Көп сөйлеме, біздің ісімізді аяқтау керек
UFC спортшысы Хабиб Нурмагомедов Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізуге дайын екенін білдірді.
«Фергюсон, сен қазанда біреумен жұдырықтасуды жоспарлап жүргеніңді естідім. Не болды? Жолдан тайып тұрмақсың ба? Көп сөйлеме. Біздің ісімізге нүкте қою керек», - деп жазды Нурмагомедов.
Айта кетейік, биыл мамырда Нурмагомедов пен Фергюсон жекпе-жек өткізу керек болатын, алайда ресейліктің денсаулығына байланысты кездесу болған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или