«Ливерпуль» «Барселонаның» тағы бір ұсынысынан бас тартты
«Ливерпуль» екі рет «Барселонаның» Филиппе Коутиньоға қатысты жасаған ұсынысынан бас тартты.
Каталониялықтар «Ливерпульге» 77 миллион фунт және бонус ретінде 13 млн беруге дайын. Алайда мерсисайдтықтар бұл ұсыныстан бірден бас тартты.
Үш апта бұрын испаниялық ұжым «Ливерпульге» Коутиньо үшін 72 миллион фунт ұсынған болатын. Сол кезде де ағылшын клубы келіссөз жүргізуден бас тартқан.
Кей БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, «Барса» осы трансфер үшін 120 миллион фунт беруге дайын екен. Ал Коутиньоның өзі клуб ауыстырудан бас тартпайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или