Hull Daily Mail: Кабананганың шаш үлгісі – футболдағы ең үздіктерінің бірі
«Халл Сити» футбол клубы туралы жаңалық жазып тұратын Hull Daily Mail басылымы ағылшын командасының «Астана» шабуылшысы Жуниор Кабанангаға қызығушылығы туралы жазды.
«Барлық маңызды нәрселерді шетке ысыра тұрайық. Иә, Конго ДР құрамасында ойнайтын жігіттің шаш үлгісі – футболдағы ең үздіктердің бірі! Рас, шашын жақында ғана қысқартқанға ұқсайды. Жарайды, одан да маңыздырақ сұрақтар бар. Мысалы, ол негізгі құрам ойыншысы ретінде мықты бола ма?», - деп жазды Hull Daily Mail.
«Халл Ситиден» бөлек, Кабанангаға Англияның тағы екі клубы – «Лидс Юнайтед» пен «Ноттингем Форест» - қызығып жатыр. Ал Кабананганың «Астанамен» келісім-шарты 2019 жылдың желтоқсанына дейін жасалған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или