Твумаси қатарынан бес матч бойы гол соқты
«Астананың» ганалық шабуылшысы Патрик Твумаси қатарынан бес матч бойы гол соқты. Ол «Қайсар», «Тобыл», польшалық «Легия» және латвиялық «Спартакқа» (екі ойында) қарсы ойындарда мергендігімен танылған. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
Осылайша, ол өзі үшін 2013 жылы орнатқан голдар сериясын қайталады.
«Астана» сапында қатарынан төрт ойында гол соққан екі футболшы бар. 2010 жылы Игорь Бугаев осындай серия орнатқан. Одан бөлек, биыл Джуниор Кабананга қатарынан төрт матчта қарсылас қақпасына гол соққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или