Димитар Димитров «Ертістен» кетті
Болгариялық маман Димитар Димитров «Ертістің» бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.
Димитров «Ертістің» тізгінін 2015 жылдың маусымында ұстаған болатын. Оның жаттықтыруымен команда 2016 жылы Қазақстан чемпионатының қола медаліне қол жеткізді. Ал биыл «Ертіс» Еуропа лигасында екінші іріктеу кезеңіне дейін жетті.
Биыл «Ертіс» Димитардың баптауымен барлық турнирде 28 матч өткізді: 12 жеңіс, 8 тең ойын және 8 жеңіліс.
10 тамызда жаттығудың алдында баспасөз-мәслихаты өтіп, болгариялық маман командамен қоштасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или