«Ертіс» футболшылары оңалту орталығында болды
Бүгін павлодарлық «Ертіс» футбол клубының ойыншылары тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың оңалту орталығында болып қайтты. Бұл туралы «Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, Премьер-Лиганың 15-турындағы «Ертіс» - «Оқжетпес» ойынында жасыл алаңға футболшылар мен сал ауруына шалдыққан балалар бірге шыққан болатын. Сол матчта команда ойыншылары орталыққа қонаққа келеміз деп уәде берген болатын.

Барлық құраммен аттанған ойыншыларды орталық қызметкерлері мен балалары құшақ жая қарсы алды.

Кездесу барысында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дайындаған шағын концертін көрсетті: би билеп, ән шырқады.

Өз кезегінде футболшылар да сый-сияпаттарын табыстады. Шара соңында жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев пен шабуылшы Игорь Бугаев балаларға шеберлік сабағын өткізді.

Көңілге қуаныш сыйлаған кездесу естелік суретке түсумен өз мәресіне жетті. Ал, балалар футболшыларға сәттілік тіледі.