Моуриньо: Біз - топ командамыз, бірақ «Реалдың» деңгейі әлдеқайда жоғары

Моуриньо: Біз - топ командамыз, бірақ «Реалдың» деңгейі әлдеқайда жоғары

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Жозе Моуриньо кешегі УЕФА Суперкубогының финалындағы мадридтік «Реалмен» өткен ойын (1:2) туралы айтып берді.

- Көрсеткен ойынымызға көңілім толды. Премьер-лигада «Реал» сияқты команда жоқ. Біз - топ командамыз, бірақ мадридтік клубтың деңгейі әлдеқайда жоғары. Олардың сапында керемет ойыншылар өнер көрсетеді. «Реалдың» жартылай қорғаушылары Модрич, Кроос, Каземиродан мықты футболшылар жоқ шығар әлемде, - деді португалиялық маман.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или