Патрик Твумаси – Премьер-лигадағы 100-ші кездесуін өткізді

Патрик Твумаси – Премьер-лигадағы 100-ші кездесуін өткізді

«Астана» командасының жартылай қорғаушысы Патрик Твумаси Қазақстан Премьер-Лигасындағы 100-ші кездесуін өткізді.

23-жастағы футболшы мерейтойлы ойынын «Ордабасы» командасына қарсы өткізді.

Айта кетейік, Патрик Твумаси Қазақстан Премьер-Лигасындағы алғашқы матчын 2014 жылдың 27-ші шілдесі күні «Атырау» командасына қарсы өткізген.

Ганалық ойыншы елордалық команда сапында 100 ойында алаңға шығып, 36 гол соққан. Ал еурокубоктарда өткізген 25 ойында 8 гол соққан.

Патрик өз кезегінде 3 мәрте  Қазақстан чемпионы, Кубок және Суперкубок иегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или