ҚКФЛ мен ҚФФ клубтарға арнайы киімдер табыстады
Ағымдағы маусымда Қазақстан клубтары алғаш рет ҚКФЛ мен ҚФФ-нан балалар мен жасөспірімдерді дайындайтын футбол орталықтарына арнайы киімдер алды. Бұл мүмкіндік «Астана» футбол клубының Еуропа сәтті өнер көрсетуінің арқасында пайда болды.
Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының кеңсесіне еліміздің футбол клубтары атынан көптеген алғыс хаттар келіп жатыр, олар жіберген алғыс «Астана» футбол клубының атына да бағытталған. Еуропалақ аренада сәтті ойнап, елордалық клуб тек қана Қазақстанның намысын қорғап қоймай, сонымен қатар басқа да клубтарды УЕФА-дан бөлінген қаржымен қамтамасыз етті. Футбол маусымы басталмастан бұрын ҚКФЛ-ның жалпы жиынында барлық клубтар түскен қаржы еліміздің балалар және жасөспірімдер футбол орталықтарына арнайы киім-кешек пен құрал-сайман алынуға бағытталсын деген бір ауыздан тілек білдірді. Аталған көмек Лигаға түскен сәтте, үздік спорттық брендтің арнайы киімі футбол орталықтарына бөліп тарату кезеңі басталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или