«Астана» өз алаңында «Ордабасыны» ұтты

«Астана» өз алаңында «Ордабасыны» ұтты

Футболдан Қазақстан премьер лигасының 22-турындағы кейінге қалдырылған кездесуінде «Астана» мен «Ордабасы» кездескен болатын.

Екінші орындағы «Қайраттан» төрт ұпайға озып тұрған елордалық команда жеңіске жетіп көшбасшылық орнын нығайта түседі дегендердің қарасы мол болатын. Үшінші орын үшін қызу талас жүргізіп жатқан шымкенттік команда да осалдардың қатарынан емес еді. Бірінші айналымдағы қос команда арасында өткен ойында 3-0 есебі тіркеліп «Ордабасы» жеңіске жеткен еді.

Бүгінгі ойын қос команданың кезек шабуылымен өткенімен «Астана - Аренада» стадионына жиналған жанкүйерлер голды тек төреші қосқан қосымша уақытта ғана көре алды.

Кездесудің басты қаһарманы атанып, жеңіс голын соққан Асхат Тағыберген болатын.

«Астана» — «Ордабасы» 1:0 (0:0)

Гол: Тағыберген 90+2 (1:0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или