Арман Оспанов «АСВ-69» турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады

Арман Оспанов «АСВ-69» турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады

Бүгін «Алаш Прайд» президенті Данияр Қасқарауов пен клуб спортшылары Арман Оспанов жəне Асылжан Бақытжанұлының қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті.

Белгілі болғандай, «ALASH PRIDE» клубы АСВ промоушенімен бірлесе отырып, 9-қыркүйекте, Алматы қаласының 1001 жылдығы құрметіне, Алматы əкімдігінің қолдауымен, аралас жекпе-жектен үлкен халықаралық «АСВ-69» турнирін өткізеді. «Алматы-Аренада» өтетін бұл ММА бəсекесінде Арман Оспанов басты жекпе-жекке шығады. Қарсыласы таяу күндері белгілі болмақ. Арман аталмыш турнирде əлемдегі рейтингі жоғары жекпе-жек шеберлерінің бірімен айқасқа түспекші. Жеңіске жеткен жағдайда, Арман үшін UFC келісімшартына қол қоюға зор мүмкіндік туады.

Ол жақын күндері Махачкалаға (Ресей) оқу-жаттығу жиындарына аттанады. Сонымен қатар, АСВ-69 турнирінде жалпы 12 жұп өнер көрсетеді. Сегізбұрышқа шығатын спортшылардың ішінде 7 қазақстандық жекпе-жек өкілі бар. Олар: Асылжан Бақытжанұлы, Асу Алмабаева, Қаршыға Даутбек, Евгений Егембердиев, Бақытжан Несіпбек жəне легионер Мурод Хантураев (Өзбекстан).

«Алаш Прайд» атынан өнер көрсететін бұл спортшылар қазір Тайланд еліндегі оқу-жаттығу жиындарында жүр. АСВ-69 халықаралық турнирінде əлемнің 10-ға жуық мемлекетінің беткеұстар жекпе-жек өкілдері айқасқа түсетін болады. АСВ промоушені - дүниежүзі бойынша даму қарқыны жағынан, атақты UFC-ден кейін, Bellator ұйымымен екінші орынды өзара бөлісіп тұр. АСВ-69 турнирі - Қазақстанда бұрын соңды болмаған, жоғарғы деңгейлі жекпе-жек жəрмеңкесі.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или