Дмитрий Шомко: «Селтикке» қарсы ойында өткен жылғы есемізді қайтаруға тырысамыз
Дмитрий Шомко - елордалық ұжымның еурокубоктардағы ойындар саны бойынша көшбасшылардың бірі, әрі Ненад Эрич жоқта дәл осы Шомко команданы капитан ретінде бастап шығады. Плей-оффта Шотландияның "Селтигін" жұптастырған Чемпиондар лигасының жеребесі жөніндегі ойларын Дмитрий клуб баспасөз қызметіне айтты.
- Негізінде, сол бұрынғы үйреншікті жеребе. Әлсіздеу қарсылас та түсуі мүмкін еді, бірақ бұл тағдыр. Енді біз бар күшімізді жұмсап бірінші ойынды жақсы өткізіп, үйдегі ойын алдынан тәуірірек жағдай жасап алуымыз керек. Осы маусымда "Селтиктен" былтырғы жеңіліс үшін есе қайтаруға тырысамыз. Қазірге "Селтиктен" бірде-бір қазақстандық клуб өтіп көрген жоқ, біз осы жолы өтіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуға әрекет етеміз.
- БАҚ-та тараған ақпараттарға қарағанда, "Селтиктің" екі негізгі ойыншысы "Астанаға" қарсы ойындарда командасына көмектесе алмайды. Бұл "Астана" үшін демеу бола ма?
- Меніңше, жоқ. Бұл басымдық бере алмайды, біз өз күшімізге ғана сенуіміз керек. Чемпиондар лигасының ойындарына біз жарақаттарсыз, өз бабымызда жетеміз деп үміттенемін. Өзіңіз білетіндей, біз жаңа маусымда еурокубоктардың топтық кезеңіне шығып үлгердік, бірақ ол Чемпиондар лигасының топтық кезеңі болуы үшін тырысып бағамыз.
- "Легиямен" ойыннан кейін Сіз сәл ақсаңдап едіңіз, қазір қалай жағдайыңыз?
- Бәрі жақсы. Ойын ғой енді, біраз ауыр соққы тиді, ал қазір жаттығуларға қатысуға, толық күшпен ойнауға дайынмын.