Станимир Стойлов: Екі команданың қайсысы мықты болса, сол ары қарай өтеді
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Астанаға» қарсылас ретінде Шотландияның бірнеше дүркін чемпионы «Селтик» түсті. Жеребенің қорытындысы туралы елордалық клубтың баспасөз қызметіне «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов өз ойымен бөлісті.
- «Селтик» - бізге өте таныс команда. Біз олармен өткен жылы да кездескен болатынбыз. Бізді өте қиын матчтар күтіп тұрғаны белгілі. Бірақ оған дейін ішкі біріншілікте өткізетін екі ойынымыз бар. Сондықтан қазіргі ойымыз «Ордабасы» мен «Ақтөбе» туралы болмақ. Осыдан кейін барып шотландиялықтар туралы ойланамыз.
- Алғашқы кездесуді сырт алаңда өткізу «Астанаға» басымдық болады деп есептейсіз бе?
- Шын мәнінде айтарлықтай айырмашылық болады деп айта алмаймын. Қандай жағдай болғанмен, сырт алаңда да, өз жанкүйерлеріміздің алдында өнер көрсетеміз. Қос команданың қайсысы мықты болса, сол ары қарай өтеді.