МЮ-ға бөлінген 6 мың билеттің біреуі қазақ баласына бұйырды

МЮ-ға бөлінген 6 мың билеттің біреуі қазақ баласына бұйырды

Қазақ спорт журналистикасының сардары Несіп Жүнісбаев ағамыздың ұлы Айдын Жүнісбаев УЕФА-ның Суперкубогы алдында МЮ командасы жанкүйерлеріне арналған 6 мың билеттің бірін ұтып алды.

Ағылшын тілін шемішкеше шағатын, Айдын клубтың сайтына хат жазып, билетке үміткер ретінде тіркеледі. МЮ болса ешкімнің ұлтына, фамилиясына қарамай лоторея арқылы жеңімпаздарды анықтапты. Сол ойнатқан 6 мың билеттің біреуі біздің Айдынға бұйырады. Жəне ол билетті клуб басшылығы Айдынға салып жіберген екен. Керемет оқиға емес пе? Бұдан біз МЮ клубының жанкүйерлерге деген құрметін көреміз. Сол арқылы ағылшындық клубтың əр ойынына мыңдап көрермен жиналады жəне осының арқасында олар əлемдегі ең бай командалардың қатарына қосылып отыр. Осы жерде: «Біздің клубтар осылай жасай алар ма еді?» - деген ой келеді. Əй, қайдам...

Айдын інімізге сапарың оң болсын дей отырып, осы кішкене оқиғаны біздің клубтарға жанкүйерлерін құрметтеуде үлгі болсын деп ұсынып отырмын. <br />Бар саналы ғұмырын спортқа арнаған Несіп ағамыздың ұлы Айдынның əлемдік деңгейдегі бұл жетістігі қазақ спорты үшін елеулі оқиға екені даусыз.

Айтпақшы Айдын ағылшынша таза сөйлеп қана қоймай, спорт тақырыбына қалам тербеп қоятындығы да бар екен. Несіп ағамыздың кезінде таза қазақ балаларынан құралған «Намыс» футбол командасын құрып, қазақ футболын биік деңгейге көтерген, бірнеше Олимпиада ойындары мен əлемдік сындарға қатысып, көптеген кітаптар жазғандығын ескерер болсақ Айдынның аяқдопқа деген қүмарлығы мен спорт десе ішкен асын жерге қоятындығын ұрпақ сабақтастығы деп айтуға əбден болады.

Мусағали Тасқалиев. <br />«Спорт жұлдыздары»<br />Суретте: Айдын Жүнісбаев пен Айдынға берілген билет

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или