«Селтик» Астанаға фанаттарын алып келмейді

«Селтик» Астанаға фанаттарын алып келмейді

Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңінде «Астана» мен «Селтик» арасында өтетін қарымта матчта шотландиялық команда қолдаусыз қалуы мүмкін.

«Селтиктің» сырт алаңдағы матчтарында фанаттардың сапарын ұйымдастыратын Celtic FC Travel компаниясы Қазақстанға дейін ақшаның көп кететініне байланысты Астанаға жанкүйер апарудан бас тартқан.

«Селтик» фанаттары компанияның бұл ісіне көңілі толмай жатыр, себебі олар Чемпиондар лигасының алдыңғы матчтарына да жанкүйер сапарын ұйымдастырмаған.

Айта кетейік, бұл жұптың алғашқы матчы 16 тамызда Глазгода өтеді. Қарымта кездесу 22 тамызда Астанада болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или