«EXPO Cup». Қазақстан жеңіспен бастады
«EXPO 2017 Football Cup» турнирін Қазақстан мен Германия құрамаларының матчы ашты.
Қос құраманың ардагерлері алғашқы ойында екеулеп жүріп 14 гол соқты.
Алдымен неміс ардагерлері 2:0 есебімен жеңіп жатқан. Кейін шабуылда Мұрат Тлешев бастаған біздің футболшы-ардагерлер үш гол соғып, басымдықты өз қолдарына алды. 20 минуттан тұратын тайм 3:2 есебімен аяқталды.
Үзілістен кейін футболшылар голды алма кезек соғып шықты. Бірақ турнир қожайындары жеңісті есептен айырылған жоқ. Қорытынды есеп – 8:6, Қазақстан құрамасы турнирді жеңіспен бастады.
Қазақстан сапынан Тлешев хет-трик жасаса, Андрей Богомолов дубль жасады. Ал Қайрат Әубәкіров, Андрей Финонченко, Алексей Клишин бір голдан соғып шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или