«Челси» Вирджил ван Дейк үшін 50 миллион фунт ұсынбақшы
«Саутгемптон» клубының голландиялық қорғаушысы Вирджил ван Дейк үшін «Челси» қомақты қаржы ұсынып көрмекші.
Лондондық клубтың бас бапкері Антонио Конте жиырма алты жасар қорғаушыға көз тігір жүргелі біраз болған көрінеді. Дәл осы қорғаушыға «Ливерпуль» клубы да қызығып жүр.
«Саутгемптон» клубың қорғаушысын сатқысы келмейтініне қарамастан «Челси» Вирджил ван Дейк үшін 50 миллион фунт ұсынып отыр.
Лондондықтар АПЛ-дың жаңа маусымы басталғанша қорғаушыны қатарларына қосқысы келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или