«Ақтөбе» - «Астана» арасындағы кездесу 11 тамызға ауыстырылды

 «Ақтөбе» - «Астана» арасындағы кездесу 11 тамызға ауыстырылды

Қазақстан Премьер Лигасының аясында өтетін «Ақтөбе» - «Астана» ойынының уақыты 12-ші тамыздан 11-ші тамызға ауыстырылды.

«Астана» командасының Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне дайындық жұмыстарын жүргізуіне байланысты, елордалық команда батыс қазақстандықтарға қарсы өткізетін ойынды 12-ші тамыздан, 11-ші тамызға өзгерту туралы «Ақтөбе» футбол клубының басшылығы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасына өтініш жасаған болатын.

 Бүгін ресми шешім қабылданды. Осы орайда «Астана» футбол клубының ұйымдастыру алқасы түсіністік танытып, жылдам шешім қабылдағаны үшін «Ақтөбе» футбол клубы басшылығы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы басшылығына алғыс білдірді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или