Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның спорттық ату Федерациясының басшысы болып сайланды
«Сарыарқа» велотрегінің конгресс-холлында Қазақстанның спорттық ату Федерациясының есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференция барысында отырыс қатысушылары федерацияның есеп беру кезеңінде атқарған жұмысы туралы баяндама тыңдап, федерацияның құрамын бекітті. Дауысберушілердің бірауыздан қабылданған шешімімен Қазақстанның спорттық ату Федерациясының басшысы болып Арыстанбек Мұхамедиұлы сайланды. Сондай-ақ, федерацияның атқарушы комитеті бекітілді. Атқарушы комитеттің төрағалық етушісі, федерацияның бас хатшысы болып Олег Почивалов, вице-президенттері болып - Нұрлан Оразалиев пен Анвар Юнусметов, атқарушы директоры - Оксана Середа, стендтік ату бойынша атқарушы директор - Татьяна Давыдова, мылтық ату бойынша атқарушы директор - Татьяна Табакаева сайланды. Конференция жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар, еліміздің спорт қайраткерлері қатысты.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шара қатысушылары алдындағы сөзінде спорттық ату Қазақстан Республикасында негізгі олимпиадалық спорт түрі екендігін атап өтті.
Қазіргі таңда осы спорт түрі бойынша шамамен 2 мыңдай адам айналысады. Спорт мектептері мен дене шынықтыру ұжымдарында 43-тен аса жаттықтырушы еңбек етуде. Сондай-ақ, әлемдік спорт ареналарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларымыздың ерен еңбегін атап өтуге болады. Олар Азия ойындарының, Азия Чемпионаттары мен әлем Кубоктарының жүлдегерлері болып жатыр. Бұл спортшыларымыздың әлеуетін дәлелдей түседі.
Министрдің пікірінше, Қазақстанның спорттық ату Федерациясының өткен жылғы қызметі жемісті болды. Атап айтсақ, құрама командалардың дайындығы, аймақтарда спорт түрін дамыту, республикалық және халықаралық деңгейдегі бірқатар спорт шараларын ұйымдастыру.
«Қазіргі таңда келесі олимпиадалық кезеңдегі басты мақсат отандық спортшылардың нәтижелерін жетілдіру және Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алу» - деп атап өтті А. Мұхамедиұлы.
Ол сондай-ақ, әлемдік қауымдастықта үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, алдағы Олимпиада ойындарында жарқын жетістіктерге қол жеткізетіндігіне сенімін білдірді.