Gambit Esports командасының кездесуінде жанкүйерлер шу шығарды. ВИДЕО
CS:GO - PGL ойынынан Major Kraków халықаралық жарысында топ жарған Gambit Esports командасы Астана қаласында жанкүйерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Елорданың ойын-сауық орталықтарының бірінде өткен кездесу барысында жанкүйерлер қоршауды бұза бастаған. Артынша шараны ұйымдастырушылар жанкүйерлерден тынышталуын өтінген. Арада 15 минут өткенде Gambit Esports командасының мүшелері кездесуді тоқтатып, кетуге мәжбүр болды.
Айта кетейік, Major Kraków халықаралық жарысының финалында қазақстандық ұжымға Бразилияның Immortals командасы қарсылас атанды. Дегенмен, біздің жігіттер бразилиялық ұжымды жеңіп 500 мың доллар сыйақыны ұтып алды.
Gambit Esports ТМД елдерінің командалары арасында CS:GO ойынынан Major Kraków халықыралық жарысын жеңіп алған тұңғыш команда.