Неймар ПСЖ ойыншысы атанды

Неймар ПСЖ ойыншысы атанды

ПСЖ клубы өзінің ресми сайтында бразилиялық шабуылшымен келісімге келгендігін хабарлады.

Неймар жаңа командасымен бес жылдық келісімге қол қойды.

Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар өзінің «Барселона» клубымен келісімін 222 млн еуроға сатып алған болатын.

Ойыншы жаңа клубында аптасына 575 мың еуро айлық алатын болады.

Естеріңізге салсақ, Неймар каталондық клубқа 2013 – жылы «Сантостан» 88,2 миллион еуроға ауысқан болатын. <br />«Барселона» үшін 186 ойын өткізіп 105 гол соқты.

Бразилия құрамасында 77 ойында 52 голдың авторы атанған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или