«Скендербеу» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты
Алматылық «Қайратты» Еуропа лигасынан шығарып тастаған албаниялық «Скендербеу» мұнымен тоқтап қалғысы жоқ.
Еуропа лигасының үшінші әрәктеу кезеңінде Чехия елінің «Млада Болеслав» командасымен кездескен албаниялық ұжым қос ойын қортындысында жеңімпаз атанды.
Алғашқы ойынды сырт алаңда өткізіп 2-1 есебімен жеңіліп қалған «Скендербеу» бүгін өз алаңында плей-офф кезеңінің жолдамасын қоржынға басты.
Бүгін өткен ойынның негізгі уақыты 2-1 есебімен аяқталып, келесі кезеңге өтетін команда кездесу соңындағы пенальтиде анықталды. Албандық команда ойыншыларының пенальтидежолы болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или