Бостандық ауданында жаңа спорт алаңы іске қосылды
Алматыда тамыздың 3-і сағат 16:00-де «Спорт менің ауламда» бағдарламасы аясында Бостандық ауданының Минусинская, 20-Б көшесінде жаңа алаң іске қосылады.
Қазіргі таңда, онда 40-қа жуық бала жаттығып жүр.
Еске сала кетсек, 2017 жылы Алматыда «Спорт менің ауламда» атты спорттық бағдарламасы іске қосылған болатын. Бұл бағдарлама арқылы 7 мен 17 жастар аралығындағы жасөспірімдер қалаған спорт түрімен, өз аулаларында жаттықтырушымен бірге шұғылдана алады. Жоба осы жылдың көктемінен бастау алып, 2019 жылға дейін жалғасады. Жаттықтырушылар белгіленген кесте бойынша күн сайын шеберлік сабақтарын өткізеді. Олар барлық қатысушыларға дұрыс жаттығып, ойнауды үйретеді.
Айта кетер жайт, бағдарламаның басты мақсаты жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға және де спортпен айналысуға қызықтыру. Шеберлік сабақтары тегін. Кез келген бала Алматы қаласының бар алаңдарында жаттықтырушымен, басқа балалармен бірге спортпен шұғылданып, жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік алады.