Яцек Магера: Өткен ойынды ұмытып, ертең жоғары нәтижеге жетуіміз керек
УЕФА Чемпиондар Лигасы үшінші іріктеу кезеңінің «Легия» және «Астана» командалары арасындағы жауапты матчы алдындағы баспасөз жиынында польшалық команда бас бапкері Яцек Магера журналистердің сұрақтарына жауап беріп, кездесу туралы өз ойымен бөлісті.
-  Астанадағы кездесу тең аяқталды. Алғашқы кездесу туралы не айтасыз?
-  Мен ол ойын туралы ештеңе айтқым келмейді. Себебі біздің барлық ойымыз ертеңгі кездесуде. Сондықтан өткен ойынды ұмытып, ілгері жылжуымыз керек.
-  «Астана» командасы алғашқы кездесуде «Легия» командасынан барлық статистикалық көрсеткіштер бойынша алда болды. Ойын соңында Сіз кездесу нәтижесіне жасанды алаң тікелей әсер еткендігін алдыға тартқан едіңіз. Осы орайда ертеңгі кездесу соңында ақталатын себептеріңіз дайын ба?
-  Мен ешқашан да ақталмаймын. Мен ертеңгі ойында командаға 90 минут сенетін адамдардың стадионда болып, бізге жанкүйер болғанын қалаймын. Себебі «Легия» командасында көп жылдардан бері қызмет атқарамын. Команда маған сенеді. Мен ойыншыларыма сенемін. Қайталап айтайын, өткен ойынды ұмытып барлық күшімізді келесі кезеңге өту үшін ертеңгі матчта көрсетуіміз қажет.
-  Алғашқы ойынмен салыстырғанда команда құрамында өзгерістер бола ма?
-  Бұл жолы команда құрамында аса көп өзгешеліктер болмайды. Себебі, жарақат алған бірнеше ойыншы бар. Біз өткен ойындағы қателітерден сабақ шығарып, ертең жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз.
-  «Легия» командасы Астанада өткен ойында өзінің максимум деңгейін көрсетпеді. Осы пікірмен келісесіз бе?
-  Шыны керек, біз ол кездесуде өте нашар ойын көрсеттік. Мен ертеңгі ойында өз ойыншыларыма сенемін. «Легия» ертеңгі матчта жоғары нәтижеге жету үшін қандай ойын көрсету керек екендігін дәлелдейтін болады.
-  Ертеңгі ойын еңбек жолыңыздағы ең маңызды кездесу деп айтуға бола ма?
-  Бұл менің еңбек жолымдағы ең үздік ойын болуы керек деген қағида жоқ. Біз алдымен ертең өз ойынымызды ойнауға тырысатын боламыз. Ойын нәтижесінің қандай болатынын уақыт көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, екі команда арасындағы алғашқы кездесу елордалық команда пайдасына 3:1 есебімен аяқталған еді. Ал ойын ертең яғни 2-ші тамыздан 3-ші тамызға қараған түні, Астана уақытымен 00:45-те басталады. Матчты Қазспорт телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.