Австрия – Қазақстан матчының төрешісі Варшавадағы ойында қызмет етеді

Австрия – Қазақстан матчының төрешісі Варшавадағы ойында қызмет етеді

УЕФА Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Легия» – «Астана» арасындағы матчқа Якуб Келета бастаған төрешілер бригадасы төрелік етеді.

Бұл Келетаның қазақстандық командалардың қатысуымен өткелі тұрған алғашқы кездесуі емес. Ол бірінші рет 2012 жылы Австрия және Қазақстан арасындағы кездесуде қызмет жасап, 4 сары қағаз көрсеткен. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Азат Нұрғалиев пен Анатолий Богданов жазаланған.

36 жастағы төреші Дания чемпионатында 2009 жылдан бастап 150-ден астам матчта қызмет жасаған. Соңғы жылдары даниялық қазы УЕФА аясында өтетін халықаралық кездесулерге жиі шақырылып жүр. Осы маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Заря» – «Фейенорд» және «Коньяспор» – «Гент» арасында өткен кездесулерде ойынның бас төрешісі қызметін атқарған.

Ал «Легия»  – «Астана» арасындағы кездесуде Келетаға Хенрик Ларсен мен Хейн Сёренсен көмектеседі. Ойынның қосалқы төрешісі   Йенс Маае.

Естеріңізге сала кетейік, «Легия»  «Астана» арасындағы матч Астана уақытымен 00:45-те, 2 тамыздан 3 тамызға қараған түні өтеді. Ойынды Kazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или