Иван Маевский - «Астана» тарихындағы 550-ші голдың авторы
«Астана» УЕФА Чемпиондар Лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде польшалық «Легия» командасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Ойында елордалық команда сапынан Жуниор Кабананга, Иван Маевский және Патрик Твумаси гол соққан болатын. Осы кездесуде Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы елордалық команда тарихындағы 550-ші голының авторы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында өткен павлодарлық «Ертіске» қарсы кездесуде Серікжан Мужиков клуб тарихындағы 500-ші голын соққан еді.
Осы 550 гол Премьер-Лига, Кубок, Суперкубок және еурокубоктер аясында өткен 340 ресми кездесуде соғылған.
Ал ертең команданың 341-ші ойыны. Матч Польша астанасында өтеді. Станимир Стойлов шәкірттері Варшавалық «Легия» командасына қарсы ойнайды. Кездесу Астана уақытымен 00:45-те 2-ші тамыздан 3-ші тамызға қараған түні өтеді. Матчты Kazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.