Андрей Карпович: ЭКСПО Кубогында жеңіске жетуге тырысамыз

Андрей Карпович: ЭКСПО Кубогында жеңіске жетуге тырысамыз

«EXPO 2017 Football Cup» халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының мүшесі Андрей Карпович алдағы жарыста ел намысын абыроймен қорғауға тырысатынын айтты.

«Астанада жасы келген футболшылар жиналатын болса да, турнир қызық болатынына сенімдімін. Жарыс қожайыны біз болған соң «EXPO 2017 Football Cup» турнирінде жеңіске жетуге тырысамыз. Жанкүйерлер қолдау көрсетсе, әлем аңыздарына қарсы ойнауға дайынбыз», - деді Карпович.

Айта кетейік, аталмыш жарыс 5 тамызда Астанада өтеді. Турнирге Қазақстаннан бөлек, Ресей, Италия, Германия, Португалия және әлем құрамасы қатыспақ. «Астана Аренада» Кевин Кураньи, Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Яри Литманен, Эрнан Креспо, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов сынды футбол аңыздары доп теппек. Ал Қазақстан намысын Олег Воскобойников, Игорь Авдеев, Андрей Карпович, Қайрат Әубәкіров, Мұрат Тлешев және Андрей Финонченко сынды отандық футбол жұлдыздары қорғайды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или