Қазақстандық джитсер әлемдік турнирде қарсылас шақ келтірмеді

Қазақстандық джитсер әлемдік турнирде қарсылас шақ келтірмеді

Шілденің 30-ы күні АҚШ-тың Калифорния штатында «Jiu-Jitsu world League» джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Ел намысын «Kazakhstan Top Team» клубының спортшысы Мұхамедияр Құдайқұлов қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Мұхамедияр 72 келі салмақта, «сары белбеу» санатында, 2002-2003 жылдар аралығындағы жасөспірімдер арасында жарыс жолына шықты. Естеріңізге сала кетсек, Мұхамедияр шілде айының 15-і Алматыда өткен Arlan Grip Selection Kids турнирінің күміс жүлдегері атанған болатын.

Қазіргі таңда, Қазақстанда джиу-джитсу қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, ересектер мен балалар, тіпті арулардың да бұл спорт түріне қызығушылығын атап өтуге болады. Қазақстанда өтетін жарыстарға бақ сынайтын қатысушылардың саны да жыл санап артып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или