«Астана» әлемдегі ең мықты 100 клубтың қатарына қосылды
Бүгін УЕФА-ның жаңартылған рейтингі шықты. Аталмыш рейтінгіде елордалық «Астана» ТОП-100 клубтың қатарына енді.
Жаңартылған рейтинг бойынша «Астана» қазақстандық клубтардың арасынан алғаш рет әлемдегі үздік 100 клубтың қатарына қосылды. Станимир Стойловтың шәкірттері «Бордо» (Франция), «Вест Хэм» (Англия), «Лилль» (Франция), «Штуттгарт» (Германия), «Партизан» (Сербия), «Панатинаикос» (Грекия) секілді Еуропадағы азулы клубтардың алдын орап, 96 сатыға жайғасқан..
Қазақстандық өзге клубтар: «Ақтөбе» 179, «Қайрат» (Алматы) - 192, «Шахтер» (Қарағанды) - 194, «Ертіс» (Павлодар) - 265, «Ордабасы» (Шымкент) 278 орындарда тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или