ОАР-дағы футбол матчы кезінде адамдар тапталып қалды

ОАР-дағы футбол матчы кезінде адамдар тапталып қалды

Оңтүстік Африка Республикасында жергілікті футбол командаларының ойыны кезінде екі адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz хабарлады. <br />Тағы бірнеше адам жараланған. Марқұмдар матчты тамашалауға келген жанкүйерлер арасында пайда болған кептеліске тап болып, езгіде қалған. <br />Нысан қызметкерлерінің айтуынша, оқыс оқиға стадионның кіре беріс қақпаларының бірінде болды. Осыдан кейін ұйымдастырушылар барлық есіктерді ашқан. Ал матч өз жалғасын тапты. Айта кетейік, Оңтүстік Африка Республикасында «Кайзер Чифс» пен «Орландо Пайретс» клубтарының бәсекелестігі өте жоғары. Бұл жолы олар тек жаңа кезең алдындағы жолдастық кездесу өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или