Бугаевтың соққан жалғыз голы «Ертіске» жеңіс әперді
Қазақстан Премьер-Лигасының 22-туры аясында «Ақжайық» Оралда «Ертіс» командасын қабылдады.
Ел біріншілігінің кезекті турында Димитр Димитров бастаған керекулік ұжым Оралға қонаққа барды. Ойынның 17-ші минутында «Ақжайық» қорғаушыларының қателігінен соң «Ертіс» футболшысы есепті ашты. Арада он минут өткенде қонақтар өз айып алаңында ереже бұзған. Бас төреші «Ертістің» қақпасына пенальти белгіледі. Нүктеге келген Коронель мүлт кетті. Оның соққысы қақпаның бағанасына тиіп, кері серпілді. Бұдан кейін матч соңына дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ.
Осылайша, Игорь Бугаевтың соққан жалғыз голы матч тағдырын шешіп, керекулік ұжымға 3 ұпай сыйлады.
Қазақстан Премьер-Лигасы. 22-тур
«Ақжайық» - «Ертіс» 0:1 (0:1)
Гол: 17' Бугаев (0:1)
Соғылмаған пенальти: 28' Коронель («Ақжайық»)
«Ақжайық»: Котляр, Говедарица, Коронель, Николич, Одибе, Дудченко, Антипов, Перцух, Шабаев, Сапанов, Ерсәлімов
«Ертіс»: Лория, Кислицын, Маслач, Даутов, Стаменкович, Живкович, Родриго, Дарабаев, Гетериев, Фофана, Бугаев