«Оқжетпес» «Қайсарды» тізе бүктірді

«Оқжетпес» «Қайсарды» тізе бүктірді

Футболдан ел чемпионатының 22-турында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдады.

Алаң иелері алғашқы таймда жауапсыз қос гол соға алды. 15-минутта Марочкин «Оқжетпесті» алға шығарған, кейін Волков есеп айырмасын ұлғайтты.

Үзілістен кейін командалар бір голдан соғып шықты. 68-минутта қонақтар Курьоның көмегімен есеп айырмасын қысқартты. Бірақ 82-минутта Козлов ойынынң нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:1.

Осы жеңістің арқасында «Оқжетпес» 21 ұпаймен, 10-шы сатыға көтерілді. Ал «Қайсар» болса, 24 ұпаймен 7-ші орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или