«Астананың» жанкүйері ойыншылар мен бапкерлерге графикалық портреттер сыйлады
Футбол жанкүйерлері қашанда өз командасының бір бөлшегіндей сезінеді. Көбінесе команданың жейдесі, жалауы секілді атрибуттар да бұған қосымша мән үстейді. Бірақ әр фанат әр түрлі. Олардың ішінен кейде табиғаты ерек жандар да кездесіп отырады. Мәселен, «Астананың» жанқияр жанкүйері Айгүл сияқты.
Ол Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында туған. Астанаға келіп, Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ мен ҚазҰӨИ тәмамдады. Қазірде дизайнер болып жұмыс істейді.
"Астананың" жеңістерінен шабыттанған Айгүл команда ойыншылары мен бапкерлерінің графикалық портреттерін салуды әдетке айналдырды. Мұның қаншалықты үдесінен шығып жатқанына өзіңіз баға беріңіз. Назарыңызға дарынды өнерпаздың туындыларын ұсынамыз. Портреттер кімге арналғанын әдейі атап көрсетпейміз. Өзіңіз тауып көріңіз!
Графика - Айгүлдің xоббиі. Музасы - адамдар. Иә, ол басқа біреудің өнерінен гөрі адамдардан көбірек шабыттанатынын айтады. Айгүл негізінен өмірде бірер жетістікке жеткендер емес, өмір сынақтарына қарамастан өз мақсатына қарай тек алға қадам басатын, өзін сөзбен емес, іспен көрсететін адамдарға әуестенеді. Айгүл "Астананың" жетістігін емес, өзін сүйеді. Командасы жеңе ме, жоқ па - маңызы шамалы, ол үшін "Астана" футболшылары мен бапкерлері - әлемде ең үздік.
Айгүл бүкіл клубқа - әкімшілікке, бапкерлер құрамына, барша футболшыға сәлем жолдауды қалайды. Ол "Астанаға" әдемі ойыны, айтулы жеңістері үшін алғыс айтады. Өзінің айтуынша, егер оның өнері жұртқа жақса, жуық арада бүкіл команданың графикалық портретін салады. Ал қазірге Айгүл командаға Варшавадағы ойында жеңіс тілейді.