Мұртазаев пен Аничин «Астананың» ауыр дертті жас жанкүйерінен жағдай сұрай барды
Роман Титов бала күнінен футболды сүйеді, өзі туып-өскен Степногорскіде спорттың осы түрімен айналысатын да еді. Бірақ, ауыр науқастың салдарынан белсенді спорттан кетуге мәжбүр болды.
Қазір 14 жастағы Роман Астана қаласындағы Ана мен бала орталығының онкологиялық бөлімінде реабилитациялық емделу курсын өтеуде.
Елордалық клуб еріктілері жас жеткіншектің «Астана» шабуылшысы Роман Мұртазаев және басқа футболшылармен кездесуді армандайтыны жайлы xабар тапқан соң, осы кездесуді ұйымдастыруға кірісіп кетті.
Қазақстанның үш дүркін чемпиондары бала көңілін көтеру мақсатында бүгін, 29 шілдеде Романды көруге барды.
«Астана» футболшылары жас жанкүйермен қазақ футболының бүгіні, Антонио Контенің Англиядағы сәтті қызметі, Гонсало Игуаин сияқты басқа да мықты футболшылардың спорттық мансабы жайлы мәселелерде ой бөлісті.
Роман - футболмен өмір сүретін бала, оның футбол тақырыбындағы пікірлерінде талғампаздығы мен ой анализі де байқалып тұр.
Көңілді кездесуінің соңында футболшылар балаға елордалық клубтың кәдесыйлары мен Романның тегі жазылған «10» нөмірлі жейдесін тарту етті. Сыйға сый ретінде Роман досы, волонтёрлар, дәрігерлермен бірге «Астананы» кешегі жеңісімен құттықтап, алдағы ойындарында сәттілік жолдас болуына тілектестік білдірді.