Сикимич «Атырауға» жеңіс сыйлады

Сикимич «Атырауға» жеңіс сыйлады

Футболдан ел чемпионатының 22-турында «Атырау» қостанайлық «Тобылды» қабылдап, минималды жеңіске қол жеткізді.

Матч тағдырын бір ғана гол шешті. 28-минутта Сикимич қанжығасын майлап, алаң иелерін алға шығарған. Екінші таймның аяғында Джокич екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Бірақ қостанайлықтар таразы басын теңестіре алмады. 1:0 – «мұнайшылар» өз алаңында маңызды жеңіске қол жеткізді.

Осы жеңістің арқасында «Атырау» қауіпті аймақтан алыстай алды. Команданың еншісінде 24 ұпай бар – 8-ші орында. Ал «Тобылдың» үздік үштікке үміті азайып барады. Төртінші орындағы қостанайлық клубта 31 ұпай бар.  Олар үшінші сатыда тұрған «Ордабасыдан» он ұпайға қалып келеді. Оның үстіне, «Тобылдың» бәсекелестері өз матчтарын әлі ойнаған жоқ.

«Атырау» - «Тобыл»

Гол: 1:0 – Сикимич

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или