Роджер Каньяс: «Астанадан» кету – менің қалауым емес еді
«Астана» командасының бұрынғы ойыншысы Роджер Каньяс Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында неліктен елордалық клубтан кеткенін, таңдауы не себепті «Ордабасы» клубына түскенін және футболдан Қазақстан құрамасына шақырса жауабы қандай болатынын айтып берді.
- Роджер, неліктен «Ордабасы»? Басқа да клубтардан ұсыныс болды ма?
- Әуелде спорттық мансабымды басқа елде жалғастырмақ ой болған. Испанияға, Хорватияның «Динамо Загреб» клубына ауысуға мүмкіндіктер болған еді. Испан елінің ұсынысын біраз күту керек болды. Себебі менде еуропалық төлқұжат жоқ. Хорватия мен Түркия тым ұзақ созып жіберді. Ал шымкенттік команда болса барлық мәселені шапшаң шешті. Сондықтан таңдауым «Ордабасы» болды. Ендігі жерде мен бұл клуб үшін барымды салып ойнайтын боламын. Ары қарай не боларын уақыт көрсетеді.
- Келісіміңнің мерзімі қанша уақыт?
- Жыл соңына дейін.
- Сен еуропалық төлқұжат туралы айттың. Оны алу қаншалықты қиын?
- Төлқұжатқа қол жеткізудің екі жолы бар. Алғашқысы сенің Еуропада туысқаның болу керек. Ал ондай туысқан менде жоқ. Екіншісі сол жерде бес жылдан көп уақыт жұмыс жасап тұрып жатсаң беріледі екен. Мен үшін осы екіншісі қол болып тұр.
- «Астананың» сенің спорттық мансабыңда алар орны ерекше екені сөссіз. Командадан кеткеніңе өкінбейсің бе?
- «Астанадан» кету - менің қалауым емес еді. Менің елордалық клубпен әлі де келісімім болатын. Мен келісім – шартымды соңына дейін аяқтауды жоспарлағам. «Астананы» өзімнің клубым санаған едім. Маған және отбасыма Астана ұнайтын. Алайда өмір бәрін басқаша ұсынып отыр.
- Клубқа ренжулісің ба?
- Жоқ. «Астана» жалпы алғанда Қазақстан маған көп нәрсе берді. Мен Қазақстанда көп жүлдеге қол жеткіздім. «Астана» клубына алғыстан басқа айтарым жоқ. Тек бір нәрсе ғана түсініксіз. Неліктен менімен қоштасуға асыққанын түсіне алар емеспін.
- Келісімнің аяқталуына қанша уақыт қалып еді?
- Жарты жыл.
- Келісімді бұзғаны үшін компенсация алдыңыз ба?
- Бұл сұраққа жауап бере алмаймын.
- Сен әрдайым ел чемпионы болмаса чемпиондыққа үмітті командаларда ойнап келдің. «Ордабасы» клубын бұл қатарға қоса алмаймыз. Бұл спорттық мансабыңның құлдырауы ма?
- Жоқ, мен олай ойламаймын. «Шахтер» клубына келгенімді олар чемпион болмаған еді. «Астана» клубында да сондай жағдай болатын. Сол себепті менің келуім «Ордабасы» клубына чемпиондықты алып келеді деп үміттенемін.
- «Шахтер» мен «Астанада» көшбасшы ойыншылардың қатарында болдың. «Ордабасының» көшбасшысы болуға дайынсың ба?
- Мен әуел бастан көшбасшымын. «Шахтере» мен «Астанада» тіпті АПОЭЛ клубындада солай болды. Сондықтан бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын.
- Бұл сенің Қазақстандағы бесінші жылың. Енді сен заңды түрде Қазақстан азаматтығын алып ұлттық құрамаға ойнай аласың. Егер ұлттық құрамаға шақырту түссе келісер ме едің?
- Мен Қазақстанды екінші отаным санаймын. Бұл елдің адамдарының маған және отбасыма деген қарым-қатынасы керемет. Сондықтан ұсыныс түсіп жатса қарастырып көруге дайынмын.