Футбол агенті «Легия» президентіне Твумаси мен Кабананганы алуды ұсынды
TrScouts компаниясының агенті Павел Турек «Астананың» шабуылшылары Жуниор Кабананга мен Патрик Твумасидің «Легияға» қарсы матчта көрсеткен ойындарынан үлкен әсер алған.
«Дариуш Медуски («Легияның» президенті), жыл соңында Патрик Твумаси мен Жуниор Кабананганың келісім-шарттары аяқталады... Ештеңе ұсынып тұрған жоқпын, жәй ғана қызықты дерек айтқаным ғой», - деп жазды Турек твиттерде.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында «Астана» «Легияны» 3:1 есебімен жеңген болатын. Бұл ойында Твумаси де, Кабананга да гол соқты. Енді қарымта кездесу 2 тамызда Варшавада өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или