Қазақстан U20 мен Армения U20 құрамалары тең түсті

Қазақстан U20 мен Армения U20 құрамалары тең түсті

Ресейдің Сочи қаласында футболдан 2018 жылғы Әлем Чемпионатына арналған халықаралық турнир басталды. Турнирге 20 жасқа дейінгі Қазақстан, Армения, Тәжікстан құрамалары мен Краснодар өлкесі қатысуда.<br /><br />Аға жаттықтырушы Игорь Свечников жетекшілігімен Қазақстан U20 құрамасы халықаралық турнирдегі алғашқы ойынын Армения футболшыларымен өткізіп, 2:2 есебімен тең ойнады. Біздің құрамадан Рамазан Оразов пен Ақмал Бақтяиров гол соқты.<br /><br />Ойында негізгі құрамда алаңға шыққан футболшылар: Бекжан Шайзада, Артем Олейник, Рауан Орынбасар, Кирилл Алексеев, Сағадат Тұрсынбай, Денис Калинин, Илья Артюшенко, Рамазан Оразов, Наурызбек Жагоров, Ақмал Бақтияров, Олжас Ақылбеков. Екінші таймда алаңға шыққан футболшылар: Талғат Кусяпов, Әлішер Сағынов, Думан Тұрсынбай, Әбілхан Әбдукәрімов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или