Аяғынан айырылған қақпашы алғашқы жаттығуын өткізді

Аяғынан айырылған қақпашы алғашқы жаттығуын өткізді

Колумбиядағы әуе апатынан соң аяғынан айырылған «Шапекоэнсе» қақпашысы Джексон Фольманн трагедиядан кейін алғашқы жаттығуын өткізді.

Протез киген футболшы өз клубының стадионы «Арена Конданы» айналып, жүгіріп шықты.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы 29 қарашада бразилиялық клуб отырған ұшақ Медельинде апатқа ұшыраған болатын. Бортта болған 77 адамның алтауы ғана тірі қалды. Олардың ішінде үш футболшы бар: Фольманнан бөлек, қорғаушылар Алан Рушел мен Нето. Команда колумбиялық «Атлетико Насьоналға» қарсы Оңтүстік Амери кубогының матчын ойнау үшін ұшып бара жатқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или